Зариф: Теһран мен Каракастың арасындағы қорғаныс ынтымақтастық – толық заңды
(last modified Sat, 07 Nov 2020 13:57:25 GMT )
Қар 07, 2020 19:57 Asia/Almaty
  • Зариф: Теһран мен Каракастың арасындағы қорғаныс ынтымақтастық – толық заңды

Иран Сыртқы істер министрі Теһран мен Каракастың арасындағы қорғаныс ынтымақтастықтың толық заңды екеніне тоқталып: «Әскери жабдықты кез-келген елден сатып алу Венесуэланың құқығы»,- деп қуаттады.

 

Зариф венесуэлалық арнаға берген сұхбатында: «Иранның қаруын Венесуэлаға сатуы – заңды. Бұл саладағы АҚШ-тың қарсылықтары сәтсіздікке ұшырады»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Венесуэланың АҚШ-қа күш көрсетуге рұқсат етпегендерін қуаттап: «Иран   Венесуэламен әртүрлі, әсіресе қорғаныс салада ынтымақтастық етуге дайын және бұл ынтымақтастықтың АҚШ-пен ешқандай қатысы жоқ»,- деп мәлімдеді.