Зарифтың Куба сапары – Иранның Латын Америка елдерімен ынтымақтастығын дамытуының белгісі
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Латын Америка елдері сапарының екінші кезеңінде жұма күні Кубаға енді.
Зариф Кубадан бұрын Латын Америка елдеріне сапарының аясында сәрсенбі күні Каракаста болды. Бұл сапары Боливияда аяқталады. Иран Сыртқы істер министрі Боливияда бұл елдің жаңадан сайланған президенті Луис Арсенің ұлықтау рәсіміне қатысады. Зарифтың Латын Американың үш еліне жасаған сапары саяси, экономикалық және ғылыми-технологиялық тұрғылардан маңызды. Бұл өте маңызды, өйткені қазіргі жағдайда АҚШ-тың біржақты саясаты халықаралық деңгейде заңдылықты әлсіретіп, бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндірді. Шындығында, қазіргі кезде тәуелсіз елдер үшін қарым-қатынасты дамытудың ерекше мүмкіндігі бар. Латын Америка мәселелері маманы Амир Хұсейн Тафреши Иран мен Латын Америка қарым-қатынастарының артыуына тоқталып: «Сыртқы қатынастар мен байланыс саласында Иран өзін тек Солтүстік Америка және Батыс Еуропа сияқты географиялық аймақпен шектемеуге талпынады. Ежелден Ислам Республикасымен қарым-қатынаста болған Венесуэла, Куба және Боливияда қазіргі кездегі жағдай бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсырақ және Иран осы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға дайын»,- деді. Бағалаулар Иранның осы салада жақсы нәтижеге жеткенін көрсетеді. Мұнай энергетикасы саласындағы тұрақты ынтымақтастықтың дамуы шағын және орта өнеркәсіпке бірлескен инвестиция және ғылыми технологиялар бойынша тәжірибе алмасу болды. Фармацевтикалық және медициналық қызмет саласындағы ынтымақтастық әсіресе пандемия жағдайында маңызды. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесі аймақ пен әлем халықтарының игілігіне айналуы мүмкін. Қорыта айтқанда, Зарифтің Латын Америкасына сапарыеың мақсаттары мен келіссөздері Иран дипломатиясындағы серпінділік белгісі және сонымен бірге әлемнің саяси географиясындағы Иранның сыртқы саясатындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған қадам.