Велаяти: Иран аймақта әділ бейбітшілік орнатуға талпыныс жасайды
https://itolqyn.com/news/iran-i48978
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі аймақ қауіпсіздігін бұлтартқысыз қажеттілік деп атап: «ИИР аймақта әділ бейбітшілік орнатуға талпыныс жасайды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 17, 2020 02:30 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран аймақта әділ бейбітшілік орнатуға талпыныс жасайды

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі аймақ қауіпсіздігін бұлтартқысыз қажеттілік деп атап: «ИИР аймақта әділ бейбітшілік орнатуға талпыныс жасайды»,-деді.

Әли Акбар Велаяти дүйсенбі күні Аһл-е Бейтті сүюшілер қоғамының «Ислам революциясы жетекшісінің Қарабақ туралы көзқарастары» туралы онлайн отырысында: «Иранның Әзірбайжан және Армениямен ортақ шекарасы бар. Сондықтан көрші ел ретінде Иранның Қарабақ қайшылығына ерекше назар аударуы қисынды»,-деді.

Велаяти Әзірбайжан халқын басып алынған қалалардың азат етілуімен құттықтап: «Хазірет аятолла Хаменеи де бұрынырақ басып алынған жерлердің Әзірбайжанға қайтарылуы тиістігін баса айтқан болатын. Оның пайымдауынша, барлық қақтығыстардың тамыры – халықаралық шекараларда қалыптасқан араздық. Осыған көңіл бөлу керек»,-деді.