«Харакат ан-Нидал» тобының Сауд Арабиясының барлау қызметімен қарым-қатынасы туралы құжаттар жарияланды
ИИР Барлау министрлігі «Харакат ан-Нидал» тобының Сауд Арабиясының барлау қызметімен қарым-қатынасы туралы кейбір құжаттарды жариялады.
Иранның Барлау министрлігінің мәлімдемесінде: «2018 жылдың 22 қыркүйегіндегі Иранның оңтүстік-батысындағы лаңкестік шабуылды орындаған «Харакат ан-Нидал әл-Араби ат-Тахрир әл-Ахвазие» лаңкестік тобының басшысы Фараджолла Чааб қамауға алынды»,- деп айтылды. Иранның Барлау министрлігі «Харакат ан-Нидал» тобының тікелей Сауд Арабиясы мен сионистік режимнің барлау қызметтерінің қолдауына ие болғанына тоқталып: «Бұл топтың басшысы халықаралық шешімге қарамастан Еуропадан Ирандағы лаңкестік әрекеттерді басқарған»,- деп хабарлады.
«Әл-Ахвазие» лаңкестері 2018 жылдың 22 қыркүйегінде ИИР Қарулы күштерінің Ахваздағы парады кезінде оны тамашалап отырған халыққа қарай оқ атып, бұл шабуылдың салдарынан 25 адам шәһид болды және 60-тан астамы жарақат алды.
***Төмендегі суреттерде Иранның Барлау министрлігі террористік «Харакат ан-Нидал» тобының Сауд Арабиясының барлау қызметімен жасырын хат-хабарларынан жарияланған құжаттардың түпнұсқасы мен аудармалары келтірілген. ***