«Харакат ан-Нидал» тобының Сауд Арабиясының барлау қызметімен қарым-қатынасы туралы құжаттар жарияланды
https://itolqyn.com/news/iran-i48994-Харакат_ан_Нидал_тобының_Сауд_Арабиясының_барлау_қызметімен_қарым_қатынасы_туралы_құжаттар_жарияланды
ИИР Барлау министрлігі «Харакат ан-Нидал» тобының Сауд Арабиясының барлау қызметімен қарым-қатынасы туралы кейбір құжаттарды жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 18, 2020 15:25 Asia/Almaty
  • «Харакат ан-Нидал» тобының Сауд Арабиясының барлау қызметімен қарым-қатынасы туралы құжаттар жарияланды

ИИР Барлау министрлігі «Харакат ан-Нидал» тобының Сауд Арабиясының барлау қызметімен қарым-қатынасы туралы кейбір құжаттарды жариялады.

 

Иранның Барлау министрлігінің мәлімдемесінде: «2018 жылдың 22 қыркүйегіндегі Иранның оңтүстік-батысындағы лаңкестік шабуылды орындаған «Харакат ан-Нидал әл-Араби ат-Тахрир әл-Ахвазие» лаңкестік тобының басшысы Фараджолла Чааб қамауға алынды»,- деп айтылды. Иранның Барлау министрлігі «Харакат ан-Нидал» тобының тікелей Сауд Арабиясы мен сионистік режимнің барлау қызметтерінің қолдауына ие болғанына тоқталып: «Бұл топтың басшысы халықаралық шешімге қарамастан Еуропадан Ирандағы лаңкестік әрекеттерді басқарған»,- деп хабарлады.

«Әл-Ахвазие» лаңкестері 2018 жылдың 22 қыркүйегінде ИИР Қарулы күштерінің Ахваздағы парады кезінде оны тамашалап отырған халыққа қарай оқ атып, бұл шабуылдың салдарынан 25 адам шәһид болды және 60-тан астамы жарақат алды.

***Төмендегі суреттерде Иранның Барлау министрлігі террористік «Харакат ан-Нидал» тобының Сауд Арабиясының барлау қызметімен жасырын хат-хабарларынан жарияланған құжаттардың түпнұсқасы мен аудармалары келтірілген. ***