Зариф «Ауғанстан-2020» конференциясына қатысады
Қар 23, 2020 15:38 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің Женевада видеоформатта өтетін «Ауғанстан-2020» конференциясына қатысатынын хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Саид Хатибзаде дүйсенбі күні Ауғанстанға арналаған Женева конференциясының төрт жылда бір рет өтетініне тоқталып: «Конференцияның негізгі тақырыбы – мемлекеттердің Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға және елді дамытуға көмектесуі»,- деді. Хатибзаденің мәліметінше, биылғы конференцияға 66 мемлекет пен 32 халықаралық ұйым қатысады және коронавирус пандемиясына байланысты ол видеоформатта өтеді.
Тегтер