Раиси Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымы басшысының шәһид болуына көңіл айтты
(last modified Sat, 28 Nov 2020 08:12:56 GMT )
Қар 28, 2020 14:12 Asia/Almaty
  • Раиси Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымы басшысының шәһид болуына көңіл айтты

Ираннің Жоғары соты Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымы басшысының лаңкестермен өлтірілуін айыптап, бұл қайғыға байланысты Иран халқына көңіл айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Ибрахим Раисидің жолдауында былай деп айтылды: «Сатқын және бөгделер мен халықаралық сионизмге тәуелді қылмыскерлер елдің ғылыми дамуына қарсы сұм мақсатымен исламдық Иранның әйгілі басшысы мен ғалымдарының біріне шабуыл жасап, өмірін қиды. Мұндай оқиғалардың орын алуы және ғылым мен тәжірибе  моджахедтерден айрылу исламдық Иран үшін қайғылы және орны толмас болғандықтан, бұл әрекет үлкен қылмыс болып саналады және мұндай оқиғалардың қайталануын қабылдауға және төзуге болмайды».