Рухани: Ядролық салада жұмыс жасайтын ғалымдарды террор ету – дұшпандардың сәтсіздіктерінің белгісі
https://itolqyn.com/news/iran-i49111
ИИР Президенті: «Ядролық ғалымдарға қарсы террор жасау және шарасыздан оларды өлтіру Иран халқының қас жауларының дәрменсіздігінен екендігі сөзсіз»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 28, 2020 14:39 Asia/Almaty
  • Рухани: Ядролық салада жұмыс жасайтын ғалымдарды террор ету – дұшпандардың сәтсіздіктерінің белгісі

ИИР Президенті: «Ядролық ғалымдарға қарсы террор жасау және шарасыздан оларды өлтіру Иран халқының қас жауларының дәрменсіздігінен екендігі сөзсіз»,- деді.

 

Хасан Рухани сенбі күні Иранның ядролық ғалымы Мохсен Фахризаденің шәһид болуына көңіл айтып: «Әлемдік үстемдік сионистік режимнің жалдамаларының лас қолдарымен Иранның әйгілі және абыройлы перзентінің қанына былғанды және елдің халқын еңбекқор ғалымнан айырып, уайым-қайғыға батырды. Әрине бұл лаңкестік әрекеттің Иранның қас дұшпандарының бұл елдің халқының ғылыми жетістіктері мен мүмкіндіктерінің алдындағы дәрменсіздігінің белгісі. Сондай-ақ бұл оқиға дұшпандардың аймақ пен әлемнің саяси сахнасындағы сәтсіздікке ұшыраулары мен кектерін және адамгершіліктен жат басқа әрекеттерін әлемдіктердің есін салды»,- деп мәлімдеді.