Ирандық ғалымды террор ету сионистік режим мен әлемдік үстемдіктің кегін одан сайын әшкереледі
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымы басшысына қарсы лаңкестік әрекеттің кек пен өкпеге толы сионистік режим мен әлемдік үстемдіктің одан сайын әшкереленуіне себеп болғанын қуаттады.
Мұхаммад Қалибаф: «Иран халқының сабыры, қарсыласуы және табандылығымен, сондай-ақ барлық технологиялық, ядролық және әскери салаларда өсуі және дамуымен бетпе-бет келген тас жүрек дұшпан дәрменсіз қалып, адамгершіліктен жат және халықаралық негіздерге қайшы әрекетін іске асырды»,- деді. Қалибоф Иран халқының қолайлы уақытта қатаң жауап қайтаратынын қуаттап: «Иранның қаһарман халқы өткен жылдарда лаңкестік әрекеттердің оның ерік жігері мен табандылығына нұқсан келтірмейтінін дәлелдеді»,- деп мәлімдеді.