Рухани: Иран халқы Фахризаденің террорына жауабын қайтарады
ИИР Президенті бүкіл дұшпандар Иран халқы мен басшыларының қылмыстық әрекетін жауапсыз қайтармайтынын қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні коронвируспен күресу ұлттық штабының отырысында ядролық ғалым Мохсен Фахризадеге қарсы лаңкестік әрекетке реакция білдіріп: «Бұл үрейлі террор исламдық Иранның дұшпандарының мазасынан айырылғанын көрсетеді. Олар бұл апталарда әлемдік жағдайдың өзгеруін сезуде. Олар үшін бұл бірнеше апта маңызды, оар бұл күндерді пайданалып қалғылары келеді. Сионистік режим мен Иран халқының дұшпандары Ислам республикасының зерттеу және дамуының жылдамдықпен жалғасатынын және ирандық ғалымдардың елдің беделі үшін талпынатынын біледі»,- деді. Мохсен Фахризаде Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымы басшысы жұма күні Теһарнның маңында лаңкестік шабуыл кезінде шәһид болды.