Мохсен Фахризадеге қарсы лаңкестік әрекет – Ирандағы ғылыми серпілістің алдын алу сценарийдің қайталануы
(last modified Sat, 28 Nov 2020 15:21:10 GMT )
Қар 28, 2020 21:21 Asia/Almaty
  • Мохсен Фахризадеге қарсы лаңкестік әрекет – Ирандағы ғылыми серпілістің алдын алу сценарийдің қайталануы

Кеше, жұма күні Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымы басшысы Мохсен Фахризадеге лаңкестік әрекет жасалып, оның салдарынан ғалым шәһид болды.

 

Бұл лаңкестік әрекеттің нысанасына алынған бірінші ирандық ғалым емес. Өткен жылдардағы ұқсас лаңкестік әрекеттерге жасаған шолу екі сұрақты тудырады. Бірінші сұрақ: ИИР ядролық ғалымдарын террор етудін мақсаты не? Екінші сұрақ:  Иранның ядролық ғалымдарына қарсы террор қай үкіметтер және лаңкестік ұйымдармен, сондай-ақкімдердің ынтымақтастығымен іске асырылады?

Бұл террорлардың мақсаттарының бірі - Иранның ғылыми, қорғаныс және ядролық ғылымдардағы өсуі мен дамуын тоқтату екені сөзсіз. Террор жасалған ирандық азаматтар басқа елдер үшін ешбір қоқан-лоққы тудырмаған ғалымдар еді. Екінші сұрақтың жауабы ретінде: «Сионистік режимнің агенттері бұдан бұрын да ирандық ядролық ғалымдарды террор еткен. Манучеһр Шаһриари мен Масуд Әли Мұхаммадиге қарсы террор лаңкестік әрекеттердің бірі. Мохсен Фахризаденің өлімі де ақпарат құралдар назарына түсті. Al-Mayadin ақпарат арнасы белгілі ирандық ғалымның өлтірілуі туралы жаңалықтардан кейінгі мәлімдемесінде Нетаньяхудың «Бұл аптада мен айта алмайтын көптеген істер жасадым» деген соңғы сөздеріне сілтеме жасап,  бұл террорға Тель-Авивтің қатысы болуы ықтималы туралы айтты. Америкалық сарапшы Сеймур Херш өз мақаласында ирандық ғалымдарды өлтіру   Израиль мен АҚШ-тың бірлескен жобасы екеніне тоқталып: «АҚШ ұзақ уақыт бойы Невада даласында «Мұанфеқин» мүшедерін  террор мен қастандық операцияларын жүргізу үшін дайындады»,- деп жазды.

Терроризмге қарсы күресеміз деп уәжденетін мемлекеттер ойдан шығарылған айыптаулармен және әртүрлі сценарийлермен кез-келген сәтте Иранды терроризм мен тынышсыздықтың себебі ретінде көрсетуге талпынуда. Енді бұл террористік әрекетті халықаралық қоғамдастық қалай айыптайды екен?