Иран Парламенті: Сионистік режим шәһид Фахризадеге жасаған қастандығы үшін жауап береді
https://itolqyn.com/news/iran-i49129-Иран_Парламенті_Сионистік_режим_шәһид_Фахризадеге_жасаған_қастандығы_үшін_жауап_береді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері сионистік режимнің Мохсен Фахризадеге жасалған қастандыққа қатысы барлығы айқын екенін айтып: «Сионистік режимнің жалдамалылары осы ақымақтықтарының есесін тиісті дәрежеде қайтаратын болады»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 29, 2020 23:41 Asia/Almaty
  • Иран Парламенті: Сионистік режим шәһид Фахризадеге жасаған қастандығы үшін жауап береді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері сионистік режимнің Мохсен Фахризадеге жасалған қастандыққа қатысы барлығы айқын екенін айтып: «Сионистік режимнің жалдамалылары осы ақымақтықтарының есесін тиісті дәрежеде қайтаратын болады»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері, сондай-ақ, өз мәлімдемесінде қосымша протоколды ерікті түрде орындауды тоқтату және АҚХА-нің бұрын‑соңды болмаған тексерістерін жалғастыруына тыйым салу арқылы елдің ядролық өнеркәсібін қайта жандандыру қажеттігін баса айтты.