Шәһид Фахризаде Теһранның имамзаде Салех мешітінде жерленді
Теһранның имамзаде Салех мешітінде Иран Қарулы күштерінің жоғары лауазымды қолбасшылары мен жақын туыстардың қатысуымен Шәһид Фахризаденің жаназасы шығарылып, жерленді.
Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымының басшысы шәһид Мохсен Фахризадені жерлеу рәсімі коронавирустың таралуына байланысты сақтық шараларын сақтап, халықтың көп жиналуының алдын алу үшін тек Иран Қарулы күштерінің жоғары лауазымды қолбасшылары мен туған-туыстарының қатысуымен өтті.
Бұдан бұрын шәһид Мохсен Фахризадемен қоштасу рәсімі Иран Қорғаныс министрлігінде үкімет пен армияның жауапты тұлғаларының қатысуымен өтті.
Сондай-ақ Шәһид Мохсен Фахризадемен қоштасу рәсімі Мешхедтегі имам Реза (ғ.) кесенесінде және Құмдағы хазірет Масуме (ғ.) кесенесінде өткізіліп, жексенбі күні кешке Теһрандағы имам Хомейни (р.) кесенесіне жеткізілді.