Қалибаф: Исламдық елдер сионистік режиммен қатынасты қалыптастыруды жағымсыз іс ретінде таныстыруы керек
(last modified Tue, 08 Dec 2020 08:59:59 GMT )
Жел 08, 2020 14:59 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Исламдық елдер сионистік режиммен қатынасты қалыптастыруды жағымсыз іс ретінде таныстыруы керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжлісінің төрағасы исламдық қоғам мен үкіметтердің сионистік режиммен қатынасты қалыпқа келтіруді халықаралық қауымдастыққа жағымсыз іс ретінде таныстыруы керектігін қуаттады.

 

 

Мұхаммад Бақер Қалибаф дүйсенбі күні Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Меқдадпен Теһрандағы кездесуінде: «Құдсты басып алушы әрі сионистік режим болғанша аймақта тұрақты қауіпсіздік орнатылмайды»,- деп мәлімдеді. Қалибаф исламдық үмбеттің бірлігін дұшпандарды жеңудін кепілі деп тауып: «Исламдық елдердің халқы, Ислам діні, табандылық пен қарсыласуға сүйенуі дұшпанды жеңетін сыры»,- деді.

Фейсал Меқдод ИИР-ның Сирия үкіметі мен халқына қолдау көрсеткеніне алғысын айтып, Сирия үкіметі мен халқының еш уақытта ИИР-ның материалдық және рухани көмектерін ұмытпайтынын қуаттады.

 

Тегтер