Қалибаф: Исламдық елдер сионистік режиммен қатынасты қалыптастыруды жағымсыз іс ретінде таныстыруы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i49229-Қалибаф_Исламдық_елдер_сионистік_режиммен_қатынасты_қалыптастыруды_жағымсыз_іс_ретінде_таныстыруы_керек
Иран Ислам Кеңесі Мәжлісінің төрағасы исламдық қоғам мен үкіметтердің сионистік режиммен қатынасты қалыпқа келтіруді халықаралық қауымдастыққа жағымсыз іс ретінде таныстыруы керектігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 08, 2020 14:59 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Исламдық елдер сионистік режиммен қатынасты қалыптастыруды жағымсыз іс ретінде таныстыруы керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжлісінің төрағасы исламдық қоғам мен үкіметтердің сионистік режиммен қатынасты қалыпқа келтіруді халықаралық қауымдастыққа жағымсыз іс ретінде таныстыруы керектігін қуаттады.

 

 

Мұхаммад Бақер Қалибаф дүйсенбі күні Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Меқдадпен Теһрандағы кездесуінде: «Құдсты басып алушы әрі сионистік режим болғанша аймақта тұрақты қауіпсіздік орнатылмайды»,- деп мәлімдеді. Қалибаф исламдық үмбеттің бірлігін дұшпандарды жеңудін кепілі деп тауып: «Исламдық елдердің халқы, Ислам діні, табандылық пен қарсыласуға сүйенуі дұшпанды жеңетін сыры»,- деді.

Фейсал Меқдод ИИР-ның Сирия үкіметі мен халқына қолдау көрсеткеніне алғысын айтып, Сирия үкіметі мен халқының еш уақытта ИИР-ның материалдық және рухани көмектерін ұмытпайтынын қуаттады.