АҚХА-нің міндеті техникалық бақылау ма, әлде құпия мәліметтерді әшкерелеу ме?
(last modified Tue, 08 Dec 2020 15:15:57 GMT )
Жел 08, 2020 21:15 Asia/Almaty
  • АҚХА-нің міндеті техникалық бақылау ма, әлде құпия мәліметтерді әшкерелеу ме?

Халықаралық Атом Қуаты Агенттігінің (АҚХА) саяси қысымға түсіп, мүшелерінің құпия ақпараттарын сақтап қала алмауы туралы мәліметтер таралды. Бұл мәселе сұрақтар мен түсініксіздіктер тудырды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қаупсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы Моджтаба Золнури кеше, дүйсенбі күні АҚХА-ның Иран туралы құпия мәліметтерді әшкерелеуіне реакция білдіріп: «АҚХА Иранның мәліметтерін оның дұшпандарына әшкерелеп, әртүрлі кезеңдерде аманатқа қиянат жасауда. АҚХА инспекторларының кейбіреулері Агенттіктің өкілі болуын пайдаланып, Батыс үшін тыңшылық жасап, Иранның жасырын мәліметтерін дұшпанның барлау ұйымдарына тапсырады»,- деді. Батыс БАҚ-тары тек Агенттікке белгілі мәліметті таратып: «АҚХА мүше елдерге Иранның Натанз ядролық нысанында IR-2M центрифугаларының саның арттыру шешімін жариялады»,- деп хабарлады. Жарғының 7-бабына сәйкес Агенттік өзінің  жұмыс істеуі нәтижесінде ие болған кез келген өндірістік құпияны немесе құпия ақпаратты жарияламайды. Иранның ядролық ғалымдарының терроры мен Агенттіктің Иранның ядролық ғалымдары туралы дәстүрлі емес құпия ақпаратты жариялау арасындағы байланыс осы мәселенің маңыздылығын және АҚХА-нің қылмысының  орны толмас салдарын көрсетеді. Ядролық ғылымның иран ұлтына тиесілі екендігі және Иранда дамыған ғылым ретінде қалыптасқаны белгілі. Сондықтан қоғамдық ой-пікір «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қазіргі жағдайда жалғасуына қарсы. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі де қоғамдық ой-пікірдің өкілі ретінде Иран халқының сұранысын ескере отырып және бұл алаңдаушылықтарға реакция білдіріп, өткен аптада  «Санкцияларды жоюға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған стратегиялық іс-қимыл» жобасын бекітті. Мәжілістің бұл шешімі бойынша, үкімет ядролық келісімгеқол қойған мемлекеттер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, қосымша протоколды өз еркімен орындауды тоқтатуға міндетті.