Иранда коронавирустан тағы 232 адам көз жұмды
Жел 11, 2020 17:51 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі өткен 24 сағатта елде тағы 9 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталып, 232 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Сима Садат Лари бейсенбі күні: «Өткен 24 сағатта Иранда COVID-19-ға шалдыққан тағы 9594 адам анықталды. Олардың 1408-і ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны 70 млн-нан асты. Бұл індеттен шамамен 50 млн адам жазылып шықса, кемінде 1 млн 590 мың адам көз жұмды.
Тегтер