Иран Сыртқы істер министрлігі: АҚШ басқаларды Палестина армандарын құрбан етуге итермелеуде
Жел 12, 2020 15:57 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрлгі Twitter-дегі жолдауында АҚШ-тың әртүрлі тәсілдермен басқа мемлекеттерді Палестина армандарын құрбан етуге итермелейтінін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрлігі жұма күні кешке Twitter-де ағылшын тілінде: «АҚШ қара тізімнен шығару немесе Ғ-35 қырғи ұшақтарын беру әлде басқыншылықты заңды деп атау арқылы басқаларды Палестина армандарын құрбан етіп, жерлерді ұрлаушыларға қол беруге итермелеуде. Бұл бейбітшілік пен дипломатия емес, бұл күш көрсету мен парақорлық. Сондықтан көпке шыдамайды»,- деп жазды.
Тегтер