Рухани: Иран бүгін бұрынғысынан күштілеу
Иран Президенті Ислам республикасының бүгін бұрынғысынан күштілеу екенін қуаттады.
Хасан Рухани сәрсенбі күнгі үкімет отырысында Иранның әлемнің бейбітшілігі, тұрақтылығы және қауіпсіздігін, сондай-ақ бүкіл елдердің өзара ынтымақтастығын тілейтінінін қуаттап: «Иран Джо Байденнің АҚШ билігіне келгеніне ешбір жағдайда қуанышты емес, бірақ ең бүлікшіл және заң бұзушы адамның кетіп бара жатқанына қуанышты»,- деді. Иран Президенті кейбір жергілікті ақпарат құралдардың Иранға қарсы жерсеріктік ақпарат құралдарының ықпалына түсіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және бүгінгі жағдайдың 2015 жылдың жағдайынан өзгеше екені туралы мәлімдейтіндеріне тоқталып: «Әрине бүгінгі жағдай сол жылдың жағдайынан өзгеше»,- деді.