Сардар Солейманиге қарсы қастандықты ұйымдастырушылар мен орындаушылардан кек алынады
Ислам революциясы жетекшісі: «Генерал-полковник Қасем Солейманиге қарсы қастандықты ұйымдастырушылар мен орындаушылар біздің кек алуымыздан қашып құтылмайды. Кекті мүмкін болған кез келген кезде аламыз»,- деп қуаттады.
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы шәһид Қасем Солейманиді еске алу штабы мүшелері және шәһидтің отбасымен кездесуінде сардар Солейманиді Иран халқының батыры атап: «Шәһид Солейманидің әрқашан халықпен болуын ескере отырып, оны еске салу үшін халық мүмкіндіктері мен мәдени талпыныстарды пайдалану керек»,- деді. Аятолла Хаменеи сардар Солейманиге қарсы қастандықты тарихи оқиға деп тауып, бұл шәһидтің ирандықтар мен исламдық үмбет үшін ұлттық қаһарманға айналғанына тоқталып: «Шәһид Солейманидің Иран халқының қаһарманына айналуы және әртүрлі халық топтарының оны құрметтеуіне сардардың Иран мен ирандықтардың мәдени құндылықтарының көрінісі болуы себеп болды»,- деп мәлімдеді. Ислам революциясы жетекшісі ержүректілік пен қарсыласу, қырағылық, терең ой, жанкештілік пен достықты шәһид Солейманидің қадір-қасиеттерінен деп тауып: «Шәһид Солеймани руханият, ықылас пен ақыреттің адамы болды»,- деді. Аятолла Хаменеи шәһид Солейманидің өмірі кезінде де, шәһид болған кезінде де үстемшілдікті сәтсіздікке ұшыратты деп біліп: «Ирак пен Иранның миллиондаған халқының шәһид Солеймани және шәһид Абумаһди әл-Моһандеспен қоштасуы және бұл екі шәһидті еске алу рәсімдер үстемшілердің «жұмсақ соғысы» генералдарын таңқалдырды және американдықтарға қарсы бірінші соққы болды»,- деп сөзін жалғады. Аятолла Хаменеи АҚШ-тың Ирактағы Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылын еске салып: «Революцияшыл мүмін жастардың жігерін қажет ететін «жұмсақ соғыста» үстемшілерді жеңу, сондай-ақ америкалықтарды аймақтан шығару бүкіл халықтардың жігері мен қарсыласу саясаттарды қажет етеді»,- деді.