Зариф: Иранға қарсы санкциялардан ең көп зиянды американдық компаниялар көрді
https://itolqyn.com/news/iran-i49354
Иран Сыртқы істер министрі Иранға қарсы санкциялардан ең көп зиянды американдық компаниялардың көргенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 18, 2020 15:10 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранға қарсы санкциялардан ең көп зиянды американдық компаниялар көрді

Иран Сыртқы істер министрі Иранға қарсы санкциялардан ең көп зиянды американдық компаниялардың көргенін мәлімдеді.

 

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-де АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға: «Сіздердің санкцияларын негізінде американдық компанияларды теңдессіз табиғи және адами ресурсқа ие Иранның нарығынан алыстатты. Мейілінше қысым көрсету саясаттарың  Boeing-тің 88 азаматтық әуе кемесін сату келісімшартын бұзды, бұл ирандықтардың өміріне ғана емес, американдықтарға да шығын келтірді»,- деп жазды.