Зариф: Иранға қарсы санкциялардан ең көп зиянды американдық компаниялар көрді
Жел 18, 2020 15:10 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Иранға қарсы санкциялардан ең көп зиянды американдық компаниялардың көргенін мәлімдеді.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-де АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға: «Сіздердің санкцияларын негізінде американдық компанияларды теңдессіз табиғи және адами ресурсқа ие Иранның нарығынан алыстатты. Мейілінше қысым көрсету саясаттарың Boeing-тің 88 азаматтық әуе кемесін сату келісімшартын бұзды, бұл ирандықтардың өміріне ғана емес, американдықтарға да шығын келтірді»,- деп жазды.
Тегтер