Хатибзаде: АҚШ әскерилерінің орналасуы - аймақтағы тұрақсыздықтың себебі
(last modified Tue, 22 Dec 2020 13:13:18 GMT )
Жел 22, 2020 19:13 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: АҚШ әскерилерінің орналасуы - аймақтағы тұрақсыздықтың себебі

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат өкілі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жексенбі күнгі Бағдаттың жасыл аймағына жасалған зымырандық шабуылға Иран қатысты деп айыптауын қайталауына жауап ретінде: «ИИР Помпеоның қайшылық тудыру мақсатты көздейтін бұл елге қарсы айыптауларын қабылдамайды»,- деп жазды.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні Twitter-дегі парақшасында Иранның дипооматиялық мекендерге шабуыл жасау болмайды деп санайтынына тоқталып: «АҚШ әскерилерінің орналасуы – Батыс Азия аймағындағы тұрақсыздықтың себебі. Кез-келген бұрмалаушылық Американы өз зұлымдықтарынан құтқара алмайды»,- деп мәлімдеді.