Рухани: Трамптың тағдыры Саддамнан алысқа кетпейді
ИИР Президенті Ирактың БААС режимінің диктаторы Саддамның Иранға қарсы әскери соғысты және АҚШ Президенті Дональд Трамптың экономикалық соғысты Иранға таңғанына назар аудартып: «Трамптың тағдыры Саддамнан алысқа кетпейді»,- деді.
Рухани үкімет отырысында халықаралық қоғамдағы АҚШ-тың сәтсіздіктеріне назар аудартып: «Американдықтар БҰҰ мен халықаралық қоғамдастықта Иранға қарсы келген сайын, дәстүрлі достары оларға ермеді және Еуропа олардың сөзін қабылдамады. Рухани сөзінің жалғасында Әзірбайжн жерлерінің азат етілуінің Теһран-Баку экономикалық қатынасына әсерлі болғанын қуаттап: «Иран мен Әзірбайжан Ходафарин бөгеті арқылы электр қуаты мен су өндіруге келісті»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті сондай-ақ Хаф-Герат темір жолының ашылуына тоқталып: «Бұл темір жол Ауғанстанның Мазар Шарифіне және сол жерде Орта Азияға, Өзбекстанға жетеді»,- деді.