Иранда 934 мыңға жуық адам коронавирустан жазылды
https://itolqyn.com/news/iran-i49449
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі елде 934 мыңға жуық адамның коронавирустан жазылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 25, 2020 18:10 Asia/Almaty
  • Иранда 934 мыңға жуық адам коронавирустан жазылды

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі елде 934 мыңға жуық адамның коронавирустан жазылғанын хабарлады.

Доктор Лари жұма күні елдегі коронавирус туралы: «Өткен 24 сағатта елде індет жұқтырған тағы 6021 адам анықталды. Олардың 906-ы ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді. 132 адам көз жұмды»,-деді.