Жел 29, 2020 23:02 Asia/Almaty

29 желтоқсанда коронавирусқа қарсы ирандық вакцина адамға егіліп, оның клиникалық сынағының бірінші кезеңі басталды.

Иранның Денсаулық сақтау министрі Саид Намаки ирандық вакцинаның клиникалық сынағының бірінші күнінде: «Бүгінгі күн - Иран халқын үміттендіретін күндердің бірі.  «Еліміздің әріптестеріміз бен ғалымдарымыздың COVID-19 тақырыбын зерттеулері және талпыныстарымен алғашқы сынақтардан өтіп, вакцинаны бірінші адамға егтік»,- деді.  Имам Хомейнидің бұйрығын атқарушы штабының зерттеу тобы шығарған «COVIRAN Баракат» деп аталған коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңіне жетіп, адамға егілді.

Коронавирус пандемиясы – әлемдік дағдарыс. АҚШ-тың залым санкциялары Ирандағы коронавирусқа қарсы күресті қиындатты. АҚШ коронавирусқа шалдыққан   науқастарды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарға Иранның қол жеткізуіне  кедергі тудыруға талпынды.  АҚШ Иран тұмауға қарсы вакцинаны сатып алмақ болған кезде де, оның Иранға жеткізілуінің алдын алған болатын. Иран халқының дұшпандары Ислам республикасына зиян келтіру үшін  кез келген құралды пайдаланды. Бұл вируспен қалай күресу керек, бұл іс жүзінде үкіметтер мен елдер үшін сынақ болып табылады және Иран проблемаларға мойынсұнбайтынын көрсетті. Иран коронавирус вакцинасын үш жолмен қамтамасыз етуді көздеуде. Біріншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бүкіл елдер үшін белгілеген вакцинаны сатып алу арқылы. Осы кезде бірнеше сенімді компанияның вакцинасы қолданыс кезеңге жетті.  Оксфорд пен Мадерна вакциналарын ДДСҰ мақұлдады. Иран әр адамға екі дозадан вакцина алу керектігін ескере отырып, 8 миллион және 400 мың халықтың осал топтары үшін 16 миллион 800 мың доза вакцинаны алдын-ала сатып алды. Екінші жол - вакцинаны басқа сенімді көздерден сатып алу және Иран осыған байланысты келіссөздер жүргізуде. Коронавирус вакцинасымен қамтамасыз ететін үшінші жол – бірлескен өндіріс. Бұл жобада Иран әлемдегі технология иелерімен Пастер институтында вакциналарды бірлесіп шығару кезеңіне кірді. Иран вакциналар шығару саласында 100 жылдық тәжірибеге ие және вакциналарды әлемнің және аймақтың көптеген елдеріне экспорттаған. COVID-19  алдында ирандық ғалымдар мен мамандардың маңызды мақсаты - вакциналар елде шығару. Вакцина шығару үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылды және Иранның ұлттық шешімі – мәселелерді шешіп, бұл қатерді мүмкіндікке айналдыру. Бұл жұмыс осы кезде нәтижеге жетуде.  Коронавирусқа қарсы ирандық вакцинаның өндірісі ДДСҰ-ның бақылауымен расталып, клиникалық сынақтан өту рұқсатын алды. Адамдарды сынау кезеңінің басталуымен, келесі жылдың басында, яғни хиджри-шамси күнтізбесінің 1400 жылының көктемінде, Иран аймақ бойында вакцинаны өндірушілердің бірі болады және елдің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

 

Тегтер