Денсаулық сақтау министрлігі: "Баракат" вакцинасының 60 млн дозасын өндіріп, импортқа тәуелділіктен арылдық
(last modified Mon, 16 Jan 2023 14:10:42 GMT )
Қаң 16, 2023 20:10 Asia/Almaty
  • Денсаулық сақтау министрлігі:

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы: "Коронавирустың жаңа түрлеріне төтеп бере алатын "Баракат" вакцинасының 60 млн дозасын өндірген соң импортқа тәуелділіктен арылдық ",-деді.

Педрам Пакаин: "Елде коронавирусқа қарсы вакцина қоры қажетті деңгейге жетті. Келешекте коронавирус тағы өршісе де, алаңдауға негіз жоқ",-деді.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы сатып алынған отандық және шетелдік вакцина санын шамамен 213 млн доза деп жариялап: "Мұның 185 млн дозасы салынды. Қалғаны келер жылдың аяғына дейін жарамды",-деді.