Шәһид Солейманидің қызы: Қажы Қасемнің мұрасы Израильге басқыншылығын жалғастыруға рұқсат етпейді
Шәһид Солейманидің қызы: «Палестина халқы мен қарсыласу ағымы қажы Қасемнің мұрасының Израильге басқыншылығын жалғастыруға рұқсат етпейтінін білулері керек»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Зейнаб Солеймани сейсенбі күні кешке Ливанның Al-Maidan арнасына берген сұхбатында «менің әкем Палестинаның арманының атауымен аталған күштердің қолбасшысы болды» деп: «Палестинаны халқы мен арманы шәһид Солеймани үшін өте маңызды болды. Бүгін Палестинаның қарсыласу ағымының күш-қуатының израильдіктерді қалай қорқытқанын көріп отырмыз»,- деп сөзін жалғастырды. Зейнаб Солеймани әкесі мен Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың қатынасын жақын бауырлар қатынасындай болғанына тоқталып: «Ислам революциясының жееткшісі Аятолла Хаменеи қажы Қасемді Иран халқы мен діни жетекшісінің шынайы сарбазы санады»,- деді.