Зариф: Аймақтағы авантюраның салдары үшін АҚШ жауапты
(last modified Wed, 30 Dec 2020 17:20:11 GMT )
Жел 30, 2020 23:20 Asia/Almaty
  • Зариф: Аймақтағы авантюраның салдары үшін АҚШ жауапты

Иран Сыртқы істер министрі Қатар әріптесімен телефон арқылы сөйлесіп, тұрақтылық пен жан-жақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймақ елдерінің бірлесіп жұмыс жасауықажеттілігін және аймақтағы авантюраның салдары үшін жауапкершіліктің АҚШ-қа жүктелетінін қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф пен Мұхаммад бен Абдрахман әл-Сани сейсенбі күні кешке сөйлесіп, ИИР-ның шетелдіктердің араласуысыз және кез-келген шиеленістен аулақ болып, жан-жақты тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймақтағы барлық елдердің қатысуы қажеттігі туралы көзқарасын түсіндіре отырып, АҚШ-тың аймақтағы кейбір күдікті қозғалыстары мен бұзақылықтарына тоқталып: «Кез-келген ықтимал авантюраның салдары үшін жауапкершілік Вашингтонға жүктеледі»,- деді.