Иранда су және электр қуаты жобалары іске қосылды
(last modified Thu, 31 Dec 2020 14:52:59 GMT )
Жел 31, 2020 20:52 Asia/Almaty

Иран Президентінің қатысуымен су және электр қуатына қатысты 25 жоба іске қосылды.

Пираншаһрдағы «Канисиб» бөгетін салу, Батыс Әзірбайжандағы Арас өзенінің басты жағалауын сымдау және басты ирригациялық желілер тарту, Мазандеран мен Исфахан облыстарында шағын көлемдегі 6 электр станса салу, Батыс Әзірбайжан, Арбедиль, Исфахан мен Мазандеран облыстарында электр қуаты желілері мен 14 трансформатор орнату,  13 ауылға су тарту, 57 ауылға электр қуаты желісін тарту жобалары жүзеге асырылды.

«Канисиб» бөгеті 600 млн шаршы метр суды 36 шақырымдық туннель арқылы Урумие көліне жеткізіп, көлді қайта қалпына келтіруде маңызды рөл ойнайды деп күтілуде.