Иранның Жоғары соты: Шәһид Солейманиді өлтіруге қатысқандар жер бетінде қауіпсіз болмайды
Иранның Жоғары соты шәһид Солейманидің мектебінің имам Хомейни мен Ашура мектебінен үлгі алғанына, сондықтан келешек буындарға таныстырылуы керектігін қуаттады.
Аятолла Раиси ирандықтардың ұлттық сардары қажы Солеймани мен серіктерінің шәһид болуының жылдығынада: «Шәһид Солеймани нақты ерік-жігерге ие болды. Ол қисын мен шындықты қабылдамағандарға, олардың тек күшті түсінетіндерін көрсетті. Шәһид Солеймани аймақта күш-қуат өндірді. Шәһид Солейманидің рухы халық арасында қарсыласуды жандандырды. Дұшпандар кектін алынатынын күтсін, оның уақыты мен жері қарсыласу күштерімен анықталады. Дұшпан өмірінің қиындайтынын білгені жөн. Амеркалықтардың аймақтан шығуы кек алудын бірі мысалы. Сардарды өлтіруге қатыстылардан кек алынады»,- деді.