Сардар Солеймани терроризмге қарсы күрестің әлемдік қаһарманы
Бүгін сенбі 2021 жылдың 2 қаңтары сәйкесінше хиджри-шамси күнтізбесінің 1399 жылының 13 дей күні Ислам революциясы Сақышлар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Қасем Солейманидің шәһид болған күнінің жылдығы.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы қажы Қасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысының орынбасары Абумаһди әл-Моһандес пен олардың басқы сегіз серігі 2020 жылдың 3 қаңтарында америкалық шапқыншы лаңкестік күштерінің әуе шабуылында шәһид болды. «Қарсыласу шәһидтерінің көшбасшысы» деген лақап атқа ие болған сардар Солеймани өзінің өмірі бойы Ислам әскерінің қолбасшысы ретінде халықтарды ұлттарға бөлмей, Ислам мен Құранның жолында езілген мұсылман халықтарды қолдауға талпыныс жасады. Шәһид Солеймани Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы ретінде Ирак пен Сириядағы ДАИШ-ты жоюға маңызды рөл атқарып, көптеген жылдар бойы бұл елдерің халық ерік күштерін жұмылдырып, халыққа тыныштық пен қауіпсіздікті сый етті.
Ислам революциясы жетекшісі сарар Солеймани шәһид боғаннан кейінгі жолдауында: «Жылдар бойы әлемдегі лаңкестер және қылмыскерлермен күрес майдандарында ерлікпен шайқасу және Алла жолында шәһид болуды аңсау ақырында Сулейманиді осы биік дәрежеге жеткізді. Оның таза қаны адамзаттың сұм адамдарының қолымен жерге төгілді»,- деді.