Сардар Солейманиге қарсы террор; АҚШ-тың аймақтағы шапқыншы саясаттарының салдарлары
Ирак басшыларыңың ресми шақыруымен бұл елге сапар шеккен Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы генерал Қасем Солеймани 2020 жылдың 3 қаңтарында Бағдад әуежайына жақын жерде америкалық лаңкес күштерінің әуе шабуылында Ирактың ерік халық күштері қолбасшысының орынбасары және тағы сегіз серігімен бірге шәһид болды.
Иран Сыртқы істер министрлігі Twitter-де сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекеттің АҚШ-тың шынайы болмысын әшкерелегеніне тоқталып: «Біздің аймақ бейбітшілік үшін шынайы күрескерден айрылды. Бонн конференциясына көмектесу және аймақтағы ДАИШ-ты жою күресі, Таяу Шығыс аймағында тұрақтылықты орнату талпынысы сардар Солейманидің белсенділігінің бір бөлігі»,- деп жазды. АҚШ сардар Солейманді террор етіп, үлкен қателік жасады және бүгінде аймақтағы қылмыстарын жасыру саясатымен аймақта жаңа дағдарыс тудыруға табпынуда. Ирак парламент өкілдерінің АҚШ әскерлерін елден шығару шешімі АҚШ-тың террористік режиміне Иракта орны бар деп ойламасын деген қатаң жауап болды. Дағдарыс тудыру АҚШ-тың аймақтағы геосаяси мақсаттарын алға жылжыту стратегиясының бір бөлігі екендігіне күмән тумайды. Трамптің президенттік билігінің соңғы күндері «АҚШ әлі де аймақта жаңа шиеленісті көздеп отыр ма?» деген сұрақ туындады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхамад Джавад Зариф жұма күні кувейттік әріптесімен телефон арқылы сөйлесіп, ИИР-ның шетелдіктердің араласуынсыз жан-жақты тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету көзқарасына жән АҚШ-тың аймақтағы кейбір күдікті әрекеттеріне тоқталып, кез келген ықтималды авантюраның салдарына Вашингтонның жауапты болатынын қуаттады. АҚШ Парсы шығанағы мен Оман теңізі аймағында дамыған әскери техникасын орналастыруымен бірге өткен бірнеше аптада кейбір арандатушылық әрекеттерді жасады, соның ішінде соңғы күндері Парсы шығанағының үстінен өзінің бірқатар алыс стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын ұшырды.
БҰҰ-дағы ИИР тұрақты өкілі өткен аптада БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңестің төрағасына жолдаған хатында: «Иранның өз халқын, қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын және өмірлік мүдделерін қорғау, сондай-ақ Иранға қарсы кез-келген қатерге немесе күш қолдануға қатаң жауап қайтару шешімін бағаламауға болмайды»,- деп жазды. Қалай болғанда да, жаңа стратегиялық қателік жасамау АҚШ-тың мемлекет мен әскери қайраткерлерінің мүддесіне, өйткені кез-келген стратегиялық қате жасалған жағдайда, Иранның қарсыласу ағымы қатты жауап қайтарады.