Зариф: Кез келген әсіре әрекеттің шынайы жауабы болады
Қаң 03, 2021 23:10 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентіне қатаң ескерту жасап: «Кез келген әсіре әрекеттің шынайы жауабы болады»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: «Ирактан келген ақпарат бойынша Израильдің соғысқұмарлары америкалықтарға шабуыл жасау мақсатында қастандық ұйымдастырып жатыр. Осылайша кетіп бара жатқан Трампты жалған сылтаумен соғысқа тартуды көздейді»,-деп жазды.
Зариф АҚШ Президентіне: «Трамп, қақпанға түсіп қалма! Кез келген әсіре әрекеттің шынайы жауабы болады. Әсіресе сенің әлгі шынайы достарыңа қарсы қатаң жауап беріледі»,-деп ескертті.
Тегтер