Әли Аскари: Сардар Солеймани – иман, тақуалық пен тәуекел символы
(last modified Sun, 03 Jan 2021 17:37:50 GMT )
Қаң 03, 2021 23:37 Asia/Almaty

ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы: «Шәһид сардар Қасым Солеймани иман, тақуалық пен тәуекел символы еді. Ол ғұмыр бойы имам мен жетекші мектебінде тынбай еңбек етті»,-деді.

Абдулали Әли Аскари жексенбі күні «Солеймани мектебі мен ақпарат құралдары» атты ғылыми форумда: «Шәһид Солеймани Қасиетті қорғаныс барысына мүмін әрі батыл қолбасшы ретінде қызмет атқарған кезінде де, Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы болып тағайындалған шақта да исламдық қарсыласу қозғалысы үшін ірі стратегиялық шаралар атқарды»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы әрі «Солеймани мектебі мен ақпарат құралдары» атты ғылыми форумды ұйымдастырушы комитеттің басшысы Пейман Джебели: «Сардар Солеймани келешекті болжай алатын қырағылық пен батылыққа ие еді. Ақпарат құралдары сардардың осы қырына баса назар аударуда»,-деді.

Джебели: «Ұлттық ақпарат құралы қарсыласу қозғалысын насихаттайтын ауқымды медиа құрал ретінде ел іші мен сыртында қызмет атқару арқылы Солеймани мектебін таныстыру саласындағы міндеті мен мақсатын қабылдады»,-деді.