Қалибоф: Солейманиге қарсы террор ұйымдастырылған үкіметтік терроризмнің мысалы
(last modified Tue, 05 Jan 2021 10:50:56 GMT )
Қаң 05, 2021 16:50 Asia/Almaty
  • Қалибоф: Солейманиге қарсы террор ұйымдастырылған үкіметтік терроризмнің мысалы

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ-тың сардар Солейманидің террор етуін ұйымдастырылған үкіметтік терроризмнің мысалы, Ирактың ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін айқын түрде бұзу және ИИР-ның егемендігін бұзу деп тапты.

Мұхаммад Қалибоф Әлемдік ассамблеялар спикерлерінің тобына, парламентаралық одақтың президентіне, Азия және ислам ассамблеялары ассамблеясының бас хатшыларына және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке жолдаған хатында сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетті БҰҰ Жарғысы және халықаралық конвенцияларды бұзу деп атап: «Бұл террористік акт халықаралық қауымдастықтың терроризмге қарсы күресу  талпынысына, жаһандық қатынастардағы заңдылыққа, аймақтың қауіпсіздігі мен тыныштығына елеулі нұқсан келтіріп, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп төндірді»,- деді.