Зариф: Иран уранды 20 пайызға байытуды бастады
Қаң 05, 2021 17:39 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: «Біз Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің шешімі бойынша уранды 20 пайызға байыту қайта басталды және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне (АҚХА) бұл туралы хабарланды»,- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Twitter-де: «Біздің шешіміміз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабына сәйкес, сондай-ақ ядролық келісімге қол қойған мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты. Егер әркім өз міндеттемелерін ұстанатын болса, біздің шараларымыз толықтай қалпына келеді»,- деп қуаттады.
Тегтер