Шамхани: Американың санкцияларды жалғастыруы сындарсыз әрекет
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Американың санкцияларды жалғастыруы мен «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіруін сындарсыз әрекет деп атады.
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могериниді қабылдауында: «Егер Американың санкцияларды жалғастыруы және «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіруі жалғасатын болса және оған тосқауыл қоюға Еуропалық Одақ тарапынан әсерлі қадам жасалмаса, бұл істер ынтымақтастықты жалғастыруға, сонымен қатар өзара міндеттемелерді орындауға кері әсерін тигізеді» деді. Могерини де Теһранның «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындау жолындағы талпыныстарына алғыс айтып, шынайы нәтижелерге қол жеткізуді, соның ішінде қаржы санкцияларын жоюды Иранның құқығы деп атап: «Иран аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығында маңызды рөл атқарып отырғандықтан Еуропалық Одақ пен Иранның ынтымақтастықтары дағдарыстарды шешу үшін дипломатиялық жолдарды жеңілдете алады» деді.