Иранда британ коронавирусына шалдыққан тағы 4 адам анықталды
Иранның Денсаулық сақтау министрі елде британ коронавирусына шалдыққан тағы 4 адамның анықталғанын хабарлады.
Саид Намаки: «Еуропа елдерінің бірінде өмір сүретін 4 адамнан тұратын бір ирандық жанұя өткен апта аяғында Иранға келді. Олар елге кірген бетте тест тапсырып, нәтижесінде індетке шалдыққандары расталды. Бұдан бұрын да Иранда модификацияланған британ коронавирусына шалдыққан бір адам анықталған еді»,-деді.
Намаки, сондай-ақ, Иранның жуырда аймақта COVID-19-ға қарсы вакцинаны көптеп өндірушілердің бірі болып танылатынын айтып: «Вакцинаны адамға сынаудың бірінші кезеңі ешқандай жанама әсерсіз сәтті өтті. Қазіргі таңда вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің екінші және үшінші кезеңдері атқарылып жатыр»,-деді.