Иранда коронавирустан тағы 91 адам көз жұмды
Қаң 11, 2021 19:37 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы: «Өткен 24 сағатта елде коронавирустан тағы 91 адам көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 56262 адамға жетті»,-деді.
Сима Садат Лари дүйсенбі күні: «Өткен 24 сағатта Иранда COVID-19 жұқтырған тағы 6208 адам анықталды. Олардың 642-і ауруханаға жатқызылды»,-деді.
Иранда COVID-19 жұқтырғандар саны 1 292 614 адамға жетті. Қуанышқа орай, осы күнге дейін 1 081 736 адам жазылып, ауруханалардан шығарылды.
Тегтер