Қаң 15, 2021 15:47 Asia/Almaty

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болу күніне байланысты аза тұту рәсімі Ислам революциясы жетекшінің қатысуымен имам Хомейни атындағы діни орталықта өтті.

Бұл рәсімде Ходжат ул-ислам Казем Седдиқи  сөйлеген сөзінде  сенімділіктің және күмән мен ауытқудан сақталудың маңыздылығына сілтеме жасап, хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.)  қасиетті болмысының иман мен сенімділікке толы деп біліп: «Құранның қасиетті аяттарына сәйкес, ақиқат жолында сенімділікке, тұрақтылық пен табандылыққа жету үшін Аллаға құлшылық етіп, үстемшілдік пен басқалардан артық көруден тартыну қажет»,- деді. Бұл рәсім Ахмад Абу әл-Қасемидің Құран аяттарын оқуымен басталып, Мәһди Самавати «Тавасул» дұғасын оқыды.

Жексенбі 17 қаңтар, х.қ.ж.с.б. 1442 жылының джамади ас-сани айының 3 жұлдызы – Исламның ұлық  пайғамбарының қадірлі қызы әрі хазірет Әли  бен Абу Талибтің (ғ.с.) өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні.

 

 

 

 

 

Тегтер