Рухани: Вашингтон Байденнің ұлықтау күнінде әскери базаға айналды
https://itolqyn.com/news/iran-i49800
ИИР Президенті бүгін Дональд Трамптың билігінің соңғы күні екеніне тоқталып: «Вашингтон АҚШ-тың жаңа президенті инаугурациясы болатын күні әскери казармаға айналды»,- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 20, 2021 16:32 Asia/Almaty
  • Рухани: Вашингтон Байденнің ұлықтау күнінде әскери базаға айналды

ИИР Президенті бүгін Дональд Трамптың билігінің соңғы күні екеніне тоқталып: «Вашингтон АҚШ-тың жаңа президенті инаугурациясы болатын күні әскери казармаға айналды»,- деп мәлімдеді.

 

Рухани үкімет отырысында АҚШ-тың саяси оқшаулануын Трамп қалдырған мұра  деп тауып: «Бүгін АҚШ Трамптың қате сыртқы саясатымен  халықаралық ұйымдарда  және Палестина, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сондай-ақ басқа да халықаралық мәселелердегі жалғыз қалды. Төрт жылдық билігі кезінде Трамп езгі, сыбайластық және халқы мен әлемге қиындықтар туғызудан басқа нәтижеге жеткен жоқ»,- деді.