Зарифтың Мәскеу сапары; қарым-қатынастарды дамыту саласындағы аймақ елдерінің өзара кеңесулері
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф аймақтық сапарының екінші кезеңінде бүгін 26 қаңтарда Мәскеуде бұл елдің жоғары лауазымды басшыларымен кездесіп, сұхбаттасады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл кездесуге байланысты мәлімдеме шығарып: «Біз Иранмен өзара тиімді қатынастарды әрі қарай дамыту және осы елмен аймақтық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздік үшін ынтымақтастықты жалғастыру шешім қабылдадық. Иран-Ресей қатынастарының барлық салаларында оң үрдісі арта түседі деп сенеміз»,- деп мәлімдеді.
Иран мен Ресей екіжақты өзара әрекеттестікте өздерінің бастамашылдықтарын және әсіресе қауіпсіздік пен АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұру мәселесінде АҚШ-тың гегемониясының алдында артқа шегіну ниеттерінің жоқ екенін көрсетті. Иран мен Ресей «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және Сирия өзгерістері туралы Теһран мен Мәскеуде «Астана келіссөздері үдерісі» аясында маңызды отырыстар өткізді. Осы сапар барысында Таулы Қарабақ аймағындағы жағдай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, Сирия, Ауғанстан және Парсы шығанағы аймағындағы жағдай және басқа мәселелер талқыланады. Айтылған тақараптарды ескере отырып, Зарифтің Мәскеуге сапары екі себепке байланысты маңызды. Біріншіден, осы деңгейдегі қатынастардың тиімділігі АҚШ-тың біржақтылығына аймаққа араласуына қарсы көптараптылықты күшейту болып табылады. Зарифтің Ресейге сапарының маңыздылығының екінші себебі - Еуразияның және оның айналасындағы аймақтардың геосаяси кеңістігінде болған оқиғалар. Бұл салада Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифтің Ресейге жақында жасаған сапары аяқталған кездегі Иран мен Ресейдің бірлескен мәлімдемесіне жүгінуге болады. Бұл мәлімдемеде: «Теһран мен Мәскеу шұғыл аймақтық және жаһандық мәселелерді шешу үшін халықаралық құқықтың белгілі жалпы қағидалары мен ережелеріне негізделген ұжымдық және әділ көпжақты тәсілдерді белсенді түрде ілгерілетуге бел буды»,- деп айтылды.
Ресей Федерациясы мен Иран - аймақтың екі тәуелсіз, қуатты және ықпалды елдері. Сондықтан ынтымақтастықты кеңейту және екі жақтың үздіксіз консультациясы өзара және көпжақты мүдделерді қамтамасыз ете алады. Қарым-қатынастардың бұл деңгейі іс жүзінде аймақтық өзара әрекеттестікте Иран және Ресей арасындағы өзара сенімділіктің белгісі болып табылады. Экономикалық тұрғыдан екі елдің Каспий теңізі, көлік және энергетика саласындағы ынтымақтастығы және Еуразиялық экономикалық одақтағы ынтымақтастық стратегиялық деңгейде.
Ресейдегі Иранның елшісі Казем Джалали екі елдің ынтымақтастық әлеуеті туралы: «Иран мен Ресей арасындағы қазіргі қатынастар мен ынтымақтастық деңгейі алдыңғы онжылдықтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сонымен бірге, екі жақтың ынтымақтастығы тереңірек және мағыналы болды. Екі елдің қарым-қатынасында көптеген әлеуеттер бар, оларды кешенді ынтымақтастық бағдарламасы түрінде шешу керек»,- деді.
Қазіргі жағдайда Иран Сыртқы істер министрінің Ресейге сапары кезіндегі келіссөздерінің маңыздылығын көрсететін нәрсе - екі елдің басшыларының екіжақты және көпжақты қатынастарды нығайтуға деген ұзақ мерзімді көзқарасы.