Зариф: Таулы Қарабақ мәселесі - аймақтағы бейбітшілік пен достыққа мүмкіндік
(last modified Tue, 26 Jan 2021 11:41:12 GMT )
Қаң 26, 2021 17:41 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі: «Таулы Қарабақ дағдарысы Теһран мен Мәскеудің ортақ алаңдататын мәселесі ретінде Ресейдің арағайындығымен шешілді және қазір аймақтағы бейбітшілік пен достықтың мұрсатына айналды»,- деді.

 

Зариф сейсенбі күні Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Ресей Президентіне Таулы Қарабақ қақтығысындағы делдалдығы үшін алғыс білдіріп: «Теһран мен Мәскеудің ортақ алаңдаушылығы болған Таулы Қарабақ дағдарысы ол қазір аймақтағы бейбітшілік пен достыққа айналды»,- деді. Ресей Сыртқы істер министрі Лавров та Теһран мен Мәскеу арасындағы жақсы қатынастарға тоқталып: «Бүгінгі кездесу Таулы Қарабақ аймағындағы жағдай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, Сирия, Ауғанстан және Парсы шығанағы аймағындағы жағдайға арналады»,- деп мәлімдеді.