Зариф: Аймақтағы барлық этностардың құқықтарын сақтау өте маңызды
(last modified Wed, 27 Jan 2021 12:53:42 GMT )
Қаң 27, 2021 18:53 Asia/Almaty
  • Зариф: Аймақтағы барлық этностардың құқықтарын сақтау өте маңызды

Иран Сыртқы істер министрі аймақтағы барлық елдердің, соның ішінде Арменияның территориялық тұтастығының, тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігінің маңыздылығын атап өтіп, аймақтағы барлық этностардың құқықтарын сақтау қажеттілігін қуаттады.

 

Сәрсенбі күні Мұхаммад Джавад Зариф Ереванда Арменияның Сыртқы істер министрі Ара Айвазянмен кездесіп, аймақтағы барлық елдердің, соның ішінде Арменияның аумақтық тұтастығының, тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігінің маңыздылығын атап өтіп, барлық этникалықтардың құқықтарын құрметтеуге шақырды және мұны Иранның қызыл сызығы атады.

Армения Сыртқы істер министрі де аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңыздылығын және бұл мәселедегі  Иранның шешуші рөлін атап өтіп, ИИР-ның аймақтық мәселелерге қатысты ұстанымына құрметпен қарауды қуаттады.