Қалибаф: Уранды 20 пайызға байыту жоспары асыра орындалуда
https://itolqyn.com/news/iran-i50000-Қалибаф_Уранды_20_пайызға_байыту_жоспары_асыра_орындалуда
Иран Мәжілісінің төрағасы уранды 20 пайызға байыту жоспарының асыра орындалғанын айтып: «Бір айдан аз уақытта Форду нысанында 20 пайызға байытылған 17 кг уран дайындалды»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 28, 2021 17:04 Asia/Almaty

Иран Мәжілісінің төрағасы уранды 20 пайызға байыту жоспарының асыра орындалғанын айтып: «Бір айдан аз уақытта Форду нысанында 20 пайызға байытылған 17 кг уран дайындалды»,-деді.

Мұхаммад Бағер Қалибаф бүгін Форду ядролық нысанын аралап: «Бұл тексеріс санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық шаралар туралы заңның орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырылды»,-деді.

Иран Мәжілісінің төрағасы: «Егер дұшпан бізге қарсы шығып, біздің осындай маңызды технология мен ғылыми негізге ие болуымызды қаламаса, Иранның мықты, дана әрі қабілетті болғанын көргісі келмейді деген сөз»,-деді.

Қалибаф: «Біз санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық шаралар туралы заңды орындап, санкциялардың толық жойылғанын көруге шешім қабылдағанымызды дұшпан білуі тиіс»,-деді.