Иранның бейбіт ядролық өнеркәсібі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен де, онсыз да дамиды
(last modified Fri, 29 Jan 2021 14:27:53 GMT )
Қаң 29, 2021 20:27 Asia/Almaty
  • Иранның бейбіт ядролық өнеркәсібі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен де, онсыз да дамиды

Иранның бейбіт ядролық өнеркәсібінің дамуы АҚШ пен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше 3 еуропалық елдің уәждеріне қарамастан жалғасады. Иран ядролық келісіммен де, онсыз да өзінің бейбіт ядролық бағдарламасын ілгерілете береді.

Иран еуропалықтардың әрекетсіздігіне және АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанына реакциясында осы келісімдегі міндеттемелерін азайтуға 5 қадам жасап, жуырда осы келісімнің басқа тараптарын өз міндеттемелерін орындауға міндеттеу үшін Форду ядролық нысанында уранды 20 пайызға байытуды бастады.   

Санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық шаралар заңы Иран үкіметін белгілі бір уақыт аралығында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарын Иранның мүдделерін қамтамасыз етуге көндіру үшін жаңа шаралар орындауға міндеттеді.

Уранды 20 пайызға байыту – Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің заңы аясында жасалған алғашқы қадам. Осыған орай  Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф бейсенбі күні Форду ядролық нысанын аралау барысында: «Мәжілістің заңына сәйкес, уранды 20 пайызға байыту үдерісі жақсы жүргізіліп жатыр»,-деді.

Бұл қадам көрсеткендей, Иран өзінің принциптеріне берік, өзінің ұлттық мүдделерін қарсы тараптың шарттарымен байланыстырмайды. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін сақтай отырып, өзінің барлық ядролық жұмыстарының бейбіт болғанын көрсетті. Мұны АҚХА-де өз есептерінде растады.  

Иран өзінің ізгі ниетті екенін дәлелдеу үшін қосымша протоколды ерікті түрде орындап, АҚХА-ның тексерушілерін шамадан тыс қабылдады. Бірақ қарсы тараптың әрекетсіздігін көрген соң енді жағдай өзгерді. Егер 2021 жылдың 21 ақпанына дейін Иранға қарсы санкциялар жойылмаса, Мәжілістің заңы аясында келесі қадамдар жасалады.

Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін  әрдайым орындап келді. Ал енді доп АҚШ пен Еуропаның алаңында. Олар санкциялардың күшін тез арада жойса, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының экономикалық артықшылықтарын пайдалана алады. Егер санкциялар жойылса, Иран мұнайын сату, банкаралық қатынас пен теңіз тасымалы қалыпты жағдайға келеді. Сонда Иран аталмыш бағдарламадағы міндеттемелеріне қайтып оралады.