Зариф: АҚШ өз міндеттемелерін орындауға оралуы керек
ИИР Сыртқы істер министрі Теһранның әрекеттерін ядролық келісімге сәйкес деп бағалап, АҚШ-тың өз міндеттемелерін толық орындауға оралуы қажеттелігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні CNN арнасына берген сұхбатында: «Қазіргі кезде АҚШ ядролық келісімге оралатындай жағдай жасау керек, өйткені АҚШ өз шешімімен ешбір дәлелсіз одан шығып кеті»,- деді. Мұхаммад Джавад Зариф сұхбатының жалғасында қазір уақыттың маңызды еемес екеніне сілтеме жасап: «Мәселе "АҚШ пен жаңа үкіметінің Трамп үкіметінің ескі, сәтсіз саясатын ұстанғысы келеді ме әлде жоқ па?" деген сұрақ туындайды»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі: «Содан кейін президент Байден көтерген басқа мәселені талқылай аламыз»,- деп қосты.