Үндістан үкіметі Чабахар портын дамыту үшін бір миллиард рупий бөлді
(last modified Fri, 05 Feb 2021 09:42:16 GMT )
Ақп 05, 2021 15:42 Asia/Almaty
  • Үндістан үкіметі Чабахар портын дамыту үшін бір миллиард рупий бөлді

Үндістан үкіметі Иран арасындағы келісімі мен ынтымақтастығына сәйкес Иранның Чабахар портын дамыту үшін бір миллиард рупий (шамамен 13 миллион 698 мың доллар) бөлді.

Үндістанның Экономика министрі Нью-Делидің Чабахар портына салған инвестициясына тоқтала келе, Үндістан үкіметінің бұл портты дамытуға 2021 және 2022 жылдары бір миллиард рупий бюджетін бөлгенін мәлімдеді. Нирмала Ситараман: «Үндістан үкіметі сонымен қатар Чабахар-Захедан темір жолын дамыту үшін Нью-Делидің Теһранмен ынтымақтастығын жалғастыруға баса назар аударады»,- деді.

Иран, Ауғанстан және Үндістанның Чабахар ірі порт жобасына қатысуы және оны дамыту, олардың арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуымен қатар үш ел арасындағы саяси және қауіпсіздік қатынастарды тереңдете алады.