Зариф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – қорытындыланған келісім, сондықтан қайта келіссөз жүргізілмейді
https://itolqyn.com/news/iran-i50276
Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жайлы қайта келіссөз жүргізілмейтінін айтып: «Ядролық келісім ИИР-ның басқа тақырыптарға келісім бермеген жағдайында қорытындыланды. Бұл мәселені қайта қарастырмаймыз»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 08, 2021 19:01 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жайлы қайта келіссөз жүргізілмейтінін айтып: «Ядролық келісім ИИР-ның басқа тақырыптарға келісім бермеген жағдайында қорытындыланды. Бұл мәселені қайта қарастырмаймыз»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке АҚШ-тың ядролық келісімге қайта оралу мәселесі туралы: «Трамп режимі бұл келісімнен белгілі бір үдерістен өтпей, ешбір дәлелсіз шығып, оны бұзды және басқа елдері, соның ішінде Еуроодақ мүшелерін оны бұзуға итермеледі»,-деді.

Зариф Байден үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты белгілі бір шешім қабылдамағанын айтып: «Байден үкіметі жалпы әрі негізсіз сөздер айтады. Оның өз сөздеріндегі қарама-қайшылықтарды түзетуге әлі мұрсаты бар»,-деп еске салды.

Зариф Байден үкіметінің бір аты шулы адамның мұрагері екенін айтып: «Америкалықтар ерте ме, кеш пе ядролық келісімге қайтып оралады. Оларда басқа амал жоқ»,-деді.